«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас есепші лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізілетін орны:
Конкурс Ақтау қаласы 3 шағын ауданы 100 ғимаратында орналасқан Маңғыстау облысысының денсаулық сақтау басқармасының 2 қабаты 212 кабинетінде өтеді. Телефон: 87292-30-20-59.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының орналасқан жері Ақтау қаласы 1А шағын аудан 29 ғимарат, телефоны: 87292-50-14-44.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Лауазымдық міндеттері:
Мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлiк есебiн (негізгі қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнімді сату шығындарының, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерінің есебін, өнім берушілермен және тапсырыс берушілермен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргiзу жөнiндегi жұмысты орындайды;
бухгалтерлiк есептің тиiстi учаскелерi бойынша бастапқы құжаттаманы кабылдау мен бакылауды жүзеге асырады және оларды есептік өндеуге дайындайды;
негiзгi қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлiк есеп шоттарында көрсетедi;
өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзiндiк құнына есептiк калькуляция жасайды;
шығындар мен өндірістік емес шығындардың құралу көзін анықтайды және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
бюджетке төленетін салық және мiндеттi төлемдердi, зейнетақы аударымдары мен салық туралы заңнамаға сәйкес төлемдердi және басқа да міндеттемелерді, күрделi салымдарды, жұмыскерлердің жалақысын қаржыландыруға арналған қаражатты есептеудi және аударуды жүргiзедi;
басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды есептің тиiстi бағыттары (учаскелерi) бойынша салыстырмалы және дәйекті бухгалтерлiк ақпаратпен қамтамасыз етедi;
шоттардың жұмыс жоспарын (бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын) әзiрлейдi;
есеп жүргізудің және бухгалтерлiк ақпаратты өндеу технологиясының негізгі тәсiлдерi мен әдiстерiнің мазмұнын айқындауға қатысады;
ішкi шаруашылық резервтердi анықтау, үнемдеу режимі мен құжат айналымын жетiлдiру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бухгалтерлiк есеп пен есептілік деректерi бойынша ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жургізуге, ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;
есептілік жасау үшiн бухгалтерлiк есептің тиiстi учаскелерi бойынша деректер дайындайды;
бухгалтерлiк құжаттардың сақталуын қадағалайды;
бухгалтерлiк ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жургізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды орындайды;
мiндеттердiң не олардың есептеу техникасының көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерінің экономикалық қойылымын тұжырымдауға қатысады;
экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйелерін құруға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалану мүмкіндігін айқындайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі маман:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсiптiк (қаржы-экономикалық) білім, жұмыс өтіліне жоғары кәсіптік білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен есеп және бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
Білуі керек: Қазақстан Республикасының еңбек және бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн;
мүлiктiң, мiндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлiк есебiн ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк материалдарды және есептілік жасауды;
ұйымдағы бухгалтерлiк есептің нысандары мен әдicтерiн;
шоттардың жоспары мен хат-хабарын;
бухгалтерлік есеп учаскелері бойынша құжаттаманы ұйымдастыруды;
құжаттамалық ресімдеу және негізгі қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлiк есеп шоттарында көрсету тәртібін;
ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін экономикалық талдау әдістерін;
есептеу техникасын пайдалану қағидаларын;
экономиканы, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, шаруашылық жүргiзу әдiстерiн;
Қазакстан Республикасынын еңбек туралы заңнамасының негiздерiн;
еңбек қауіпсіздігі мен енбекті қорғау қағидалары мен нормаларын
Конкурсқа түсу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы қосымша білімі, жұмыс өтілі, кәсіби дайындық деңгейі туралы ақпарат бере алады (біліктілігін жетілдіру, ғылыми дәреже, атақ тағайындалуы туралы құжаттардың, ғылыми басылымдарының көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылық ұсынымдары).
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы жылы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу Ақтау қаласы 3 шағын ауданы 100 ғимаратында орналасқан Маңғыстау облысысының денсаулық сақтау басқармасының 2 қабаты 212 кабинетінде өтеді. Анықтама үшін телефон: 30-20-59.